Хиджаб тағуды міндеттейтін заң күшін жойды

Хиджаб тағуды міндеттейтін заң күшін жойды
06.10.2025 17:51
0
77
Pixabay

Иранның Мақсаттылықты тексеру кеңесінің мүшесі Мохаммадреза Бахонер елдегі хиджабты міндетті түрде тағу туралы заңның күшін тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Free Iran» Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бахонердің айтуынша, хиджаб туралы заң жобасы енді заңды күшке ие емес және іс жүзінде қолданылмайды.

«Құқықтық және заңдық тұрғыдан алғанда, хиджаб туралы заң жобасы енді орындалуға жатпайды. Иранда хиджаб тағу енді заң жүзінде міндетті емес, және бұл үшін ешқандай айыппұл, жаза немесе құқықтық салдар болмайды. Мұны полицияға да айтыңдар!» – делінген Мохаммадреза Бахонер жазбасында.

Бұл мәлімдеме елдегі хиджаб мәселесіне қатысты ұзаққа созылған қоғамдық пікірталастар мен талқылаулар аясында жасалды. Енді Иран тарихында алғаш рет хиджаб тағу әрбір әйелдің жеке таңдауы ретінде танылып отыр.

Бұл өзгеріс Иранның құқықтық және әлеуметтік кеңістігінде маңызды тарихи қадам ретінде бағаланып, жеке еркіндік пен таңдау құқығын құрметтеу қағидасын нығайта түседі.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий