ІІМ-нің есірткіге қарсы комитет басшысы тексеріске ілінді

07.04.2026 08:59 Әсел Мұрат
ІІМ-нің есірткіге қарсы комитет басшысы тексеріске ілінді
405
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрі есіркіге қарсы комитетінің басшысы Данияр Мейірханға қатысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы блогер Дастан Қабылбеков өзінің әлеуметтік желісінде айтты. 

Блогердің айтуынша, бірнеше қызметкер Данияр Мейірханның үстінен арыз түсірген. Блогер басшы өз қызметін асыра пайдаланды деп айыпталып отыруы мүмкін екенін айтты.

Қабылбеков сондай-ақ комитет басшысының қызметкер әйелге тиіскені үшін күдікке ілінгенін хабарлады.

Ішкі істер министрлігі де осы оқиға бойынша пікір білдірді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір өтініш міндетті түрде тіркеліп, тексерілуі керек. Қазір барлық мән-жайды жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген ІІМ түсініктемесінде.

Данияр Мейірхан – полиция полковнигі. 2012-2022 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде бөлім басшысынан басқарма басшысына дейінгі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2023-2024 жылдары ҚР ІІМ Қостанай академиясында бөлім басшысынан академия бастығының орынбасарына дейінгі қызметтерді атқарған.

2024 жылы қыркүйектен бастап ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары. 2024 жылғы желтоқсаннан бері осы комитет төрағасының міндетін атқарушы болды. 2025 жылы қыркүйектен бері сол комитетті басқарады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий