Ирандағы мектепке соққы: Қаза тапқан оқушы саны 160-қа жетуі мүмкін

01.03.2026 15:18 Қарақат АСЫЛОВА
Ирандағы мектепке соққы: Қаза тапқан оқушы саны 160-қа жетуі мүмкін
319
Фото: ISHA

Иранның оңтүстігіндегі қыздарға арналған бастауыш мектепке зымыран түсуі салдарынан 150-ден 160-қа дейін оқушы қаза тапқан болуы мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді.Қайғылы оқиға Хормозган провинциясының Минаб округінде орналасқан «Шаджаре Тайебе» мектебінде болған. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр.

Сенбі күні АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді. Тель-Авивтің хабарлауынша, операцияның мақсаты – Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу.Ал Трамп Иранның әскери-теңіз күштері мен қорғаныс өнеркәсібін жою ниетін білдіріп, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырған.

Өз кезегінде Иран бұл әрекеттерді негізсіз агрессия деп бағалап, жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Бахрейндегі АҚШ-тың Бесінші флоты штабына және Катар, БАӘ, Кувейт, Сауд Арабиясы мен Иорданиядағы америкалық әскери базаларға соққы жасағанын хабарлады.

Әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдары зымырандардың тек әскери нысандарға ғана емес, азаматтық инфрақұрылымға да түскенін жазуда. Қаза тапқандар мен жараланғандар саны көп екені айтылуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий