"Іздеп жүрмін": Ләйлә Сұлтанқызы жақында қуанышты жаңалық күтіп тұрғанын айтты
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Қазақстан» арнасындағы «1001 түн» бағдарламасында жеке өмірі туралы ашық әңгіме айтып, отбасы мен жалғыздық тақырыбына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Журналистің айтуынша, бұл мәселе бұрын да қозғалғанымен, жақында ұлдарының айтқан сөзі оған ерекше әсер еткен.
«Бір жыл бұрын дастарқан басында екі ұлым: “Анашым, біз ертең өз жолымызбен кетеміз. Сіз жалғыз қаласыз. Біз үшін уайымдамаңыз. Егер өміріңізде өзгеріс болса, біз қарсы емеспіз” деген еді. Сол сәтте қатты таңғалдым. Ұлдар әдетте ондай сөзді айта бермейді ғой. Жүрегіме ауыр тиді», – деді ол.
Тележүргізуші қазіргі өмірінде өзін толықтай жалғыз сезінбейтінін, дегенмен кейбір сәттерде қолдаудың жетіспейтінін жасырмады.
«Біреуді арнайы іздеп жүрмін немесе қатты қиналып жүрмін деп айта алмаймын. Бірақ кейбір маңызды шешімдер қабылдайтын кезде жалғыздық қатты сезіледі. Мысалы, кіші ұлым Америкаға кеткісі келеді. Сондай сәтте әкесінің “тоқта” дейтін сөзі жетпей тұрады. Ал мен ана ретінде бәрін жұмсартып жеткізуге тырысамын. Осындайда көңілім түсіп кетеді», – деп ағынан жарылды.
Бұл сұхбат желіде қызу талқыланып, оқырмандар түрлі пікір білдіруде. Кейбірі оны тұрмыс құруы мүмкін деп болжаcа, енді бірі бұл тек өмірлік ой-толғау екенін атап өткен.
Соңғы жаңалықтар