Келлогг Ақ үйдегі Трамп пен Зеленский арасындағы арасындағы шиеленісті әшкереледі

АҚШ-тың отставкадағы генералы Кит Келлогг журналист Гленн Бекке берген мәлімдемесінде Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы Ақ үйдегі шиеленісті кездесудің беймәлім тұстарын айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Келлоггтың айтуынша, Зеленский президент Трампқа "дәріс оқығандай" сөйлеген. Алайда, ол Трамптың Джо Байден емес екенін ескерусіз қалдырған.
«Біз оған: “Сіз басқа адаммен жұмыс істеп жатырсыз. Бұл джентльмен — Джо Байден емес” деп айттық», — деді Келлогг. Ол сондай-ақ: «Ол кезде Зеленский алғаш рет нағыз кіммен бетпе-бет отырғанын түсінді», — деп қосты.
Генералдың айтуынша, украин делегациясы кездесуді жалғастыруға ниетті болғанымен, Трамп оларды тоқтатып: «Жоқ. Рақмет. Сіздер аяқтадыңыздар», — деп, Ақ үйден шығарып жіберген.
«Мұндай оқиға бұған дейін болмаған. Бірақ бұл олардың назарын аудартты», — дейді Келлогг.
Оның айтуынша, дәл осы оқиғалар тізбегі соңғы күндері орын алған Трамп-Путин және кейінгі Зеленский-Путин арасындағы телефон келіссөздеріне әсер еткен.
«Бұл президент Зеленскийдің Путинмен сөйлесуіне түрткі болды. Ал ол қоңырау сәтті өтті», — деді генерал.
Соңғы жаңалықтар





