Кентауда жарылыс салдарынан өрт шықты: адам шығыны бар
1566
Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін түнде Түркістан облысының Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соның салдарынан өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды.
Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 2-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар толық медициналық бақылауда.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына барып, жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
11:54
Қордайда белгісіз әйел үш жылдан бері ауруханад...
08.10.2026
11:33
Бала күтімі мен көпбалалыларға берілетін ақша т...
08.10.2026
11:19
Перизат Қайраттың туыстары Дубайда 2,67 млрд те...
08.10.2026
11:18
Шымкентте кәріз құдығына түскен екі жұмысшы қаз...
08.10.2026
10:31
Астанада мектеп гардеробындағы оқиғадан кейін д...
08.10.2026
10:24
«Енені жалмауыз қылуды доғарыңдар»: Мөлдір Анар...