Киев Трамптың ықпалды діни одақтастарымен байланыс орнатуда

Киев Трамптың ықпалды діни одақтастарымен байланыс орнатуда
06.02.2025 16:21
0
487
© Julien de Rosa, AFP
Украина АҚШ-тағы діни көшбасшылардан қолдау алуға тырысып жатыр

Украина АҚШ-тың әскери және қаржылай көмегін сақтау үшін Трамптың ықпалды одақтастары – консервативті христиан қауымдастығымен байланыс орнатуда, деп хабарлайды The New York Times.

Биыл Украина өзінің ең ірі делегациясын Вашингтондағы беделді христиан көшбасшыларының кездесуіне жіберіп отыр. Ел өкілдері АҚШ-тың көмек көрсетуін жалғастыру үшін діни еркіндікті қорғау қажеттігін алға тартуда.

Украиналық дін қызметкерлері, парламент мүшелері және әскери капелландар бейсенбі күні өтетін Ұлттық дұға таңғы асына қатысады. Бұл – АҚШ саясатындағы маңызды іс-шаралардың бірі, онда бизнесмендер, дін өкілдері және дипломаттар жоғары лауазымды шенеуніктермен кездесу мүмкіндігіне ие болады.

Украина өкілдері бұл кездесуде Ресейдің басып алған аумақтарда христиан конфессияларына қысым күшейіп жатқанын көрсетіп, діни еркіндікті қорғау қажеттігін түсіндірмек. Олар шіркеулердің қиратылуы, діни қызметкерлердің қудалануы мен қамауға алынуы туралы дәлелдер ұсынбақ.

Украина делегациясын ұйымдастырған бұрынғы парламент мүшесі Павел Унгурян бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:

«Бұл соғыстың бір бөлігі – рухани күрес. Америка мұны білуі керек», – деді ол.

100-ден астам украиналық пастор, саясаткер, әскери капеллан және діни қызметкер, соның ішінде Украина православ шіркеуінің басшысы митрополит Епифаний I Вашингтонға бір аптаға келмек.

Бұл әрекеттер Трамп жақтастарының қолдауын арттыруға бағытталған. Себебі Трамп Украинаға көмек көрсетуге күмәнмен қарап, Байден әкімшілігінің қолдауын шектеуі мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий