Көп мүлікі бар отбасылар әлеуметтік қолдаудан шеттетілуі мүмкін

Әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен бөлінуі мүмкін: көп мүлікті отбасылар қолдаудан шеттетіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Сенат кулуарында әлеуметтік көмекті саралап төлеу жөніндегі реформаның егжей-тегжейін түсіндірді.
Министрдің айтуынша, егер отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің төрт еселенген мөлшерінен асса, сондай-ақ екі немесе одан да көп автокөлігі және екі немесе одан көп жылжымайтын мүлкі болса, онда ол өзінің дамуына инвестиция салып жатқан адамдар қатарына жатады.
«Отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 еселенген мөлшерінен асса, 2 және одан көп автокөлік құралы болса, екі және одан көп жылжымайтын мүлік болса, өзінің дамуына инвестиция салатын адамдар туралы айтып отырмыз. Әлеуметтік әділдік қағидаты деп отырғаным да осы. Оларға қолдау қажет емес. Реформа соларға қатысты. Қалған санаттарға уайымдаудың қажеті жоқ», - деді министр.
Дереккөз: ZTB
Соңғы жаңалықтар





