Лос-Анджелесте өрттен қаза тапқандар саны көбеюде
Лос-Анджелестегі өрт салдарынан 24 адам қаза тапты.
Лос-Анджелестегі жойқын өрт салдарынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
ABC News арнасының хабарлауынша, бұл мәліметті округтің сот-медициналық сараптама департаменті растаған. Итон ауданында 16 адамның, ал Пасифик-Палисейдс ауданында 8 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Құрбандардың көпшілігінің жеке басын анықтау мүмкін болмады.
Сонымен қатар, кемінде 13 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында деп танылды.
Билік өкілдері өрттен зардап шеккен аудандардың басым бөлігі әлі де төтенше жағдай қызметкерлерінің тексеруіне қолжетімсіз екенін, сондықтан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екенін ескертеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
21:27
Мемлекетке қайтарылған Назарбаевтың зауыты саты...
19.11.2026
19:20
Бектенов Ақтөбедегі екі зауытты аралады
19.11.2026
17:46
Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға берілетін ...
19.11.2026
17:16
Алматыда қызды ұрған жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.11.2026
17:03
Жабық сот: Қазақстанда тыңшылық жасады деген өз...
19.11.2026
16:43
Тұрғын үйде болған жарылыстан кейін жеті адам і...