Марқұмдарды жасанды интеллект арқылы «тірілту» дұрыс па – ҚМДБ пәтуа шығарды 

12.01.2026 16:23 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Марқұмдарды жасанды интеллект арқылы «тірілту» дұрыс па – ҚМДБ пәтуа шығарды 
0
285
Фото: ашық дереккөз

Мүфтият жасанды интеллект арқылы өлген адамдардың бейнесін «қайта тірілтіп», видео жасауға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Дипностальгия (Deep Nostalgia – терең сағыныш) – нейрожелер арқылы марқұмдардың бейнесін жандандыру технологиясы.

Бұл мәселенің үкіміне қатысты қазіргі ғалымдардың арасында бірнеше көзқарас бар:

Дипностальгия  технологиясын қолдануға болмайды. Олардың негізгі дәлелдері төмендегідей:

  • Марқұмдарды қорлау, құрметсіздік көрсету шариғатта тыйым салынған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өлгендерді сөкпеңдер. Өйткені қазір олар істегендерінің нәтижесін көріп жатыр»[1], – деген. Марқұмның артынан орынсыз сөйлеу, оның бейнесін анимациялап өзгерту құрметсіздікке жатады.
  • Технология арқылы марқұмның күліп немесе қабағын түйіп тұрған бейнесін көрсету ғайыпты болжау болып саналады. Бұл шариғатқа қайшы. 
  • Марқұмның рұқсатынсыз бейнесін өзгерту оның жеке құқығын бұзу болып табылады. Бұл этикалық әрі діни тұрғыдан дұрыс емес.

Дипностальгия ехнологиясын қолдануға болады. Олар «әрбір нәрсенің негізі рұқсат» деген қағидаға сүйеніп, төмендегі шарттарға сай қолдануға рұқсат етеді:

  • Марқұмды кемсіту, мазақ ету немесе қорлау мақсатында емес;
  • Біреуге зиян келтірмеу; Жасалған бейне туыстарының қайғысын арттырмауы керек.
  • Туыстарының рұқсатының болуы; Марқұмның суреті – оның жеке құқығы. Сондықтан оны пайдаланбас бұрын туыстарынан рұқсат алу қажет.

Алдамшылық болмауы тиіс. Мұндай бейнелерді ресми құжаттарда немесе шын видео ретінде қоғамға таратуға қатаң тыйым салынады.
Психолог мамандарының айтуынша, дипностальгия технологиясы бастапқыда жұбаныш сезімін берсе де, уақыт өте келе эмоционалдық және психологиялық күйзеліс туғызуы мүмкін. Бұл адамды депрессияға, ұйқының бұзылуына, психологиялық тәуелділік және қоғамнан оқшаулану секілді кері әсерлерге алып келуі ықтимал.

 
Дипностальгия (Deep Nostalgia) технологиясын қолдану барысында алдамшылық, марқұмды кемсіту, туыстарының қайғысын күшейту секілді жағдаяттар орын алса, оны қолдануға тыйым салынады.

Қажеттілік жағдайда дипностальгияны жоғарыдағы шарттар негізінде қолдануға рұқсат.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий