Қайсар Қамза ісінде жаңа есімдер: күдіктілер арасында АҚШ мен Украина азаматтары бар

13.08.2026 17:29 Мөлдір ҚАЙНАР
Қайсар Қамза ісінде жаңа есімдер: күдіктілер арасында АҚШ мен Украина азаматтары бар
53
Фото: qais_arr

Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған блогер Қайсар Қамзаға қатысты қылмыстық істің жаңа мәліметтері белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ведомствоның ресми ақпаратына сәйкес, 2026 жылғы 6 тамызда блогер Қайсар Қамза заңсыз электронды және интернет-казино ұйымдастыруға көмектесті деген күдікпен елге жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды.

Тергеу барысында осы қылмыстық іс бойынша тағы төрт адам күдікті ретінде танылды. Олар:

– Дмитрий Дружински (АҚШ азаматы);

– Марина Левкович-Гинзбург (Украина азаматы);

– Дмитрий Пунин;

– Марина Ильина.

ҚМА өкілдері тергеу құпиялылығына байланысты бұл тұлғалардың нақты қандай рөл атқарғанын жария етпеді.

Алдыңғы мәліметтерге сүйенсек, АҚШ азаматы Д. Дружински мен Украина азаматы М. Левкович-Гинзбург Қазақстанда PIN-UP және PINCO брендтерімен нелегалды онлайн-казино желісін үйлестіріп, төлем инфрақұрылымын құруға қатысқан деп айыпталуда. Сот оларды сырттай тұтқындауға санкция берген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий