"Мені үйрететін сендер емес": Роза Рымбаеваның ұлы қатты ашуланды

13.02.2026 10:30 Мөлдір Талғат
274
Фото: ашық дереккөз

Әнші Роза Рымбаеваның кенже ұлы Мәди Рымбаев желідегі парақшасында өз ренішін білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оған желі қолданушыларының бірі анасының концертіндегі видеоны жүктеген жазбасына «мына клоунды кім сахнаға шығарған?» деген пікір қалдырған. Осы сөзге жауап ретінде Мәди Instagram stories-те бірнеше жазба жариялады.

«Мен, қара басқыр, кәсіби маманмын. Мен – музыкантпын. Мені бағалап, үйрететін сіздер емес. Мен істейтіннің бәрін өз қолыммен, өз бетімше жасаймын. Көру қабілетім мен белімді құртып жүріп еңбек етемін. Мен бұған өмірімнің жартысынан көбін арнадым. Ал мені (тональдылықтарды да білмей тұрып) үйреткісі келетіндерді тыңдап, шыдап отыруға ниетім жоқ», – деді.

Мәди мұнымен тоқтамай, сенбейтіндер алдына келетінін айтты.

«Маған сенбейтіндер, бәрібір ертең алдыма қайтып келесіңдер», – деп қосты.

Алайда соңғы жазбасында:

«Жалпы, баршаңызды бағалаймын әрі құрметтеймін», – деп ойын жұмсартты.

Әншінің бұл жазбалары әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий