«Менің бір ғана әйелім бар»: Данияр Елеусінов жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
888
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі жазбасында жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Спортшының айтуынша, оның Саида есімді бір ғана заңды жары бар. Елеусінов жұбайының бірнеше жыл бойы орамал таққанын, кейін оны шешкенін де атап өткен.
«Менің бір ғана Саида есімді заңды әйелім бар. Ол 7-8 жылдай орамалда болды, кейін шешті. Әйелім келді ме, кетті ме – шаруаларың қанша? Өз өмірлеріңді сүріңдер», – деп жазды боксшы.
Осылайша, спортшы өзінің отбасылық жағдайына қатысты тараған пікірлерге жауап берген. Жазбадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, оның мәлімдемесін талқылады.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. Ол 69 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған.
Соңғы жаңалықтар
07.09.2026
14:32
Президент Жолдауын жүзеге асыру: туризм экономи...
07.09.2026
14:14
Зейнетақы қаржысын 100% жеке басқаруға беру: Қ...
07.09.2026
14:13
Қазақмыс медпункттері бірдей стандартқа көшіп ж...
07.09.2026
13:45
Баян Алагөзова: Анам әкеме тік қарап сөйлеуге р...
07.09.2026
13:20
Асхат Асылбеков: Бізде салық азайса, халық байы...
07.09.2026
13:04
Щучинскте 12 адамның өмірін қиған кафедегі жары...