Меркідегі келіншектің өлімі: Полиция істі тергеуге кірісті

16.08.2026 13:06 Қарақат АСЫЛОВА
Меркідегі келіншектің өлімі: Полиция істі тергеуге кірісті
219
Фото: Politico.kz

Жамбыл облысының Меркі ауданында жас келіншектің өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Марқұмның артында 8 айлық сәбиі қалған.

Әлеуметтік желіде оның жақындары марқұмның өмірінің соңғы кезеңінде құрбысымен жазысқан хаттарын жариялаған. Скриншоттарда келіншек отбасындағы жанжалдар туралы айтып, күйеуінің өзіне қол көтергенін жазған.

Марқұмның жақындары мен құрбысы оның өліміне қатысты күмән келтіріп, істің жан-жақты зерттелуін талап етіп отыр.

Полиция бұл дерек бойынша адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Құзырлы органның мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий