«Мөлдір өтірік айтқан ба?»: әкесімен араласатынын айтқан Қабатовтың қызы ата-анасы туралы бар шындықты жайып салды

06.11.2025 11:17 Әсел Мұрат
«Мөлдір өтірік айтқан ба?»: әкесімен араласатынын айтқан Қабатовтың қызы ата-анасы туралы бар шындықты жайып салды
0
260

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның кіші қызы Айару желідегі парақшасында әкесі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Айарудың айтуынша, қазір болып жатқан жағдайларға қарамастан, Тұрсынбек Қабатов ол үшін ең жақсы әке болып қала береді.

«Қазір бәрі оны жаман адам деп айта бастайды. Бірақ ол мен үшін ең керемет әке болып қала береді. Мен оны әлемдегі барлық адамнан артық жақсы көремін әрі қатты бағалаймын. Мүмкін жақсы күйеу бола алмаған шығар, бірақ әке ретіндегі орны бөлек — ол осы жылдар бойы өз махаббатын ісімен дәлелдеп келеді. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы, бәрін ашып сөйлесіп алдық. Мен үшін адамдардың оны жамандап, жек көретіндерін жазғандарын оқу өте ауыр. Себебі жақын адамыңа тіл тигізсе, жүрегің ауырады, бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің оны қорғап жүргенімді ешкім көрмейді. Мәңгіге әкемнің қызымын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Айарудың жазбасынан кейін оған түрлі сұрақтар қоя бастады.

«Сонда Мөлдір бәрімізді бұғаттап қойды деп өтірік айтты ма?», – деп сұрақ қойған.

Айару бұл сұраққа жауап беріп, қазір әкесімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.

«Анам сұхбатта әкемнің кей кездері белгілі бір себептермен бізбен хабарласпай, сөйлеспей жүрген сәттері болғанын айтқысы келді. Өз басым қазір әкеммен жақсы араласамын, бірақ отбасымызда онымен аса жақын емес адамдар да бар», – деп жауап берген ол.


Сондай-ақ оқырмандар Айаруға ыстық ықыласын білдіріп, оны қолдады.

«Сен бәрін дұрыс істеп жатырсың. Әкеңе анаңның көзімен емес, өз көзіңмен қара. Ең маңыздысы – әкеңнің сен үшін жақсы адам болғаны. Ересектер өз мәселесін өздері шешсін», «Балалар ешқашан зардап шекпеуі керек», «Осының барлығы анаңның тәрбиесі. Дұрыс, қандай жағдай болса да әкеңді қорға, ол сендерді жақсы көреді», – деп жазды оқырмандар.
 

@_airwxz

Сейчас все начнут говорит о том какой он плохой человек. Но отцом для меня он останется самым лучшим. Я его больше всех на земле люблю и ценю очень сильно. В роли мужа он может быть показал себя не очень, но в роли папы он заслуживает титул папы , потому что он все эти годы показал и показывают всю свою любовь. У нас сейчас хорошие отношения и мы все обговорили с ним. Мне очень сложно и больно читать как люди хейтят и пишут плохое про него , ведь когда обижают близкого тебе человека и в правду становится больно и от всей силы хочется защитить , но мою защиту никто не видит и не замечает. Forever dads girl🥹💗

♬ Beautiful boy - e
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий