«Неге мұндай жағдай болып қалды деп таңғаламын»: Мөлдір Мұқан жеке өміріне қатысты бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында ел арасында тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол жақын күндері шығатын фильмінің маркетингіне жеке өміріндегі әңгімелердің қатысты жоқ екенін мәлім етті.
«Маркетинг жоспарланған жоқ. Отбасыма қатысты талқыланып жатқан нарселер жақында шығатын киномның маркетингіне ешқандай қатысы жоқ», - деді Мұқан.
Ол сөз арасында Қабатовпен қарым-қатынасы жайлы да айтып қалды.
«Мен осы сәтте бір құпияны айтайын. Біз жұбайлар ретінде, кім туралы айтып тұрғанымды өздеріңіз білесіздер, үйдің ішінде үлкен айғай-шу болмаған, ыдыс-аяқ сылдырламаған. Қатты ұрысып та көрмеппіз. Неге мұндай жағдай болды деп кейде таңғаламын», - деді актриса.
Бұған дейін желіде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның ажырасқаны туралы әңгіме тараған еді.
Алайда екеуі де бұл туралы әлі жақ ашпады.
Соңғы жаңалықтар





