Непалдағы жойқын су тасқыны: Қазақстандықтар арасында зардап шеккендер бар ма?

26.08.2026 23:13 Қарақат АСЫЛОВА
Непалдағы жойқын су тасқыны: Қазақстандықтар арасында зардап шеккендер бар ма?
219
Ашық дереккөз

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқынынан кейін Қазақстан азаматтарына қатысты жаңа мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер қатарында қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді. Оның айтуынша, ведомство Непалдағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Төтенше жағдай 26 тамыз күні Непалдың Расува ауданында болған. Қытай тарапынан келген үлкен су ағыны Бхоте-Коши өзеніне құйылып, елді мекендерге және инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірген.

Қазіргі таңда апат салдарынан 384 адамның тағдыры белгісіз. Олардың ішінде 291 шетелдік азамат пен 93 Непал азаматы бар.

Оқиға орнына құтқарушылар тартылып, іздеу жұмыстары жалғасуда. Непал билігі апатқа жер сілкінісінен кейін болған ірі көшкін себеп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Көшкін өзен арнасын бөгеп, кейін жиналған су арнасынан асып, жойқын тасқынға айналған.

Войдите, чтобы оставить комментарий