«Оны маған қарсы қойды»: Шавкаттың бұрынғы әйелі қайын жұрты туралы сұмдықты жайып салды

08.04.2026 13:22 Әсел Мұрат
«Оны маған қарсы қойды»: Шавкаттың бұрынғы әйелі қайын жұрты туралы сұмдықты жайып салды
213
Фото: ашық дереккөз

UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық өкілі Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі жақында ғана сотталған Гүлайым Рахмонова ешқандай атақ, ешқандай миллион ақшалар жоқ кездегі фотоларымен бөлісіп, эмоцияға толы жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Гүлайым Рахмонова Шавкаттың сол кездегі 120 мың теңге жалақысына өмір сүргендерін айтып, біраз естеліктерімен бөлісті.

«Бұл фотоларда ешқандай атақ ешқандай миллион ақшалар жоқ… Шавкаттың сол кездегі 120 мың теңге жалақысы болды. Бірінші фотода 2017 жыл қаңтар айы алғаш рет аяғынан жарақат алып жаңа жылдан кейін МРТ түсіріп, сонау Пришахтинск деген жақтағы ауруханадан келе жатқан кезіміз… Аяғымыз ауырса да білмеймін, мәзбіз. Тізеге жетер жетпес қалың қар сол жылдары қыс қаттылау болды ма?», - деп жазды ол.

Гүлайым Шавкаттың аянбай еңбек етіп, шыдамдылықтың арқасында бүгінгідей күнге жетткенін айтты.

«Бізде бос уақыт деген болмайтын. Тұңғышымыз дүниеге келмей тұрып та күнделікті режим қатаң ұстанамыз. Күнде 3 мезгіл жаттығу, үйде де отыра алмайтын, 20-30 мин болса да өзін әурелеп әйтеуір жаттығуы керек. Айтпағым: Шавкат – спорт үшін жаралған адам. Ондай адамдар мыңнан біреу болады. Әрине, спорт–  денсаулық кепілі және табыс көзі. Егер нәтиже көрсетіп, биіктен көрініп жүрсең, неге табыс таппасқа?! ЮФС-ге шығару бәріміздің арманымыз түпкі мақсатымыз еді. 2016 жылдан бастап екеуміз қатты армандайтын едік. Ккәдімгідей жаз, я қыс демей, таңғы 5-те тұрып аламыз. Ол жүгіріп кетеді, мен таңғы ас дайындап, аптаның бірінші күнін осылай бастаймыз. Ал демалған күндері қазақша жазып оқимыз (ол өзбекстанда туылып өскен соң өзбекше оқыған) сосын о,ө,ң әріптеріне келгенде ұрысып қаламы. Бірақ жалғастырып оқимыз. Одан қалды ЮФС-ге автограф (қол қою) қоюға жаттығамыз. Ертең фанаттарың көп болады, солар сұрайды, сонда әдемі қоюың керек деп. Бізде бос уақыт деген болмайтын», - деді ол.

Рахмонова өз жазбасында қайын жұртына деген ренішін е жеткізді. Айтуынша, олар Шавкатты өзіне қарсы қойған. Гүлайым бәрін уақыт еншісіне тапсырды.

«Кейін тұңғышымыз өмірге келді Шавкат осы үлкен қызын ерекше жақсы көреді. Үй, спорт, отбасы деп осылай тынбас еңбектің арқасында қазір бәрінің жағдайын жасап, бір елдің азаматы болып отыр. Қызық… уақыт өте келе осының бәрін естен шығара салу немесе ойға алмау мүмкін ба?  Бұл кездері оның жақындарына жақсы келін, жақсы жеңге едім. Ал қазір сол адамдар түрлі комментарий жазып, одан қалды барынша Шавкатты маған қарсы қойып жаман көрсетіп әлек… Ешқандай өкініш жоқ, тек бір «Әттеген-ай» бар. Мен көз жасымды көл қылып немесе өзімді жақсы болмаса аянышты көрсеткісі келетін адамдардың қатарына жатқызбаймын. Шүкір, оған санам жетеді. Бірақ осынша жыл өмірдің ішінде менің де зор еңбегім бар оны ешкімге таптатпаймын. Уақыт келеді бәрі ретімен өз іс-әркетіне жауап береді», - деді ол.

Наурыз айында Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желілерде Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын хабарлап, оны балалардан бас тартты деп айыптаған еді. Сол кезде ол ажырасқаннан кейін балалар тек өзіне ғана қажет болып қалғанын жазды. Сонымен қатар, ол төрт баланы тәрбиелеп отырғанын және тағы бір бала күтіп жүргенін мәлімдеді. Ал Шавкат Рахмонов бұл мәлімдемелерге көпшілік алдында түсініктеме берген жоқ.

Бұл оқиғаның резонанс тудыруына 2025 жылдың жазында болған қайғылы жағдай да әсер етті. 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург тас жолында екі адам қаза тапқан өліммен аяқталған жол апаты болды. Toyota Land Cruiser көлігінің тізгінінде Гүлайым Рахмонова болған. Кейін іс сотқа жетті. 2026 жылы 27 наурызда Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда екі адамның өліміне себепкер болды деп таныды. Сот оны бес жыл бас бостандығынан айырып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу бес жылға кейінге қалдырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий