Өскеменде ер адам аялдамада көз жұмды

17.04.2026 • 09:34 Әсел МҰРАТ
Өскеменде ер адам аялдамада көз жұмды
811
Фото: видеодан скрин

Өскеменде Шәкәрім даңғылы бойындағы трамвай аялдамасында ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем бригадасының фельдшерінен «102» арнасына хабарлама 16 сәуір күні шамамен сағат 15:00-де түскен.

Дәрігерлердің айтуынша, қоғамдық көлік аялдамасында 1970 жылы туған ер адам жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болған.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қажетті тексеру шаралары жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – дейді полициядағылар.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий