«Осы тәтеме жететін жан бар ма?»: Динара Сәтжанның серуені желіде қызу пікір тудырды

22.12.2025 15:45 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Осы тәтеме жететін жан бар ма?»: Динара Сәтжанның серуені желіде қызу пікір тудырды
0
88
Коллаж: Politico.kz

Алматыны қалың қар жапқан әсем күндердің бірінде тележүргізуші Динара Сәтжан далада серуендеп, өзіне тән жеңіл мінезі мен позитивті көңіл күйімен көпшіліктің назарын аударды. Қарлы ауа райында түсірілген бейнежазба желіде кеңінен тарап, оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Politico.kz

Кадрларда Динара Сәтжан қар астында еркін серуендеп, шат көңіл күйін жасыра алмайды. Бұл сәт көпшілікке ерекше әсер қалдырған. Желі қолданушыларының бір бөлігі тележүргізушінің өмірге деген құштарлығын жоғары бағалап, «Осы тәтеме ешкім жетпейді», «Шынымен де бақытты», «Мына қарбалас өмірде осылай көңілді жүретін қаракөз қыздарымыз аман болсын» деп жылы лебіздерін білдірді.

Алайда бейнежазбаға сын көзбен қарағандар да табылды. Кейбір пікірлерде «Не болды сонша өнер ме ырбыңдап», «Бақыттан басы айналып жүр», «Байлар жаурамайды» деген сарындағы сөздер жазылды. Тіпті жеке өміріне қатысты болжам айтып, «Миллиардерге шықса, қытырмай не істейді» деп пікір қалдырғандар да болды.

Соған қарамастан, көпшілік үшін бұл видео Динара Сәтжанның оптимизмін, өмірге деген жеңіл көзқарасын және қар астындағы ерекше сұлулығын айқын көрсеткен жылы сәт ретінде есте қалды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий