Партия төрағасы атанған Шоқанов ұлының тарихты білмейтіні үшін сын астында қалды

29.06.2026 16:38 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Партия төрағасы атанған Шоқанов ұлының тарихты білмейтіні үшін сын астында қалды
244
Коллаж Politico.kz

Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан халық партиясының жаңа төрағасы болып сайланған Нұрсұлтан Шоқановты қызу талқылап, оның блогер ұлының Қазақ хандығы тарихын білмейтінін еске түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Threads желісіндегі жазбалардың бірінде 16 жастағы кәсіпкер әрі млн оқырманы бар блогер Ибрагим Шоқановтың қатысуымен болған сұхбат сөз болды. Түсірілімдердің бірінде көрермен одан Қазақ хандығының қашан құрылғанын сұраған кезде ол ағылшын мектебінде оқитынын алға тартып, Қазақстан тарихы пәні жүрмейтінін мәлімдеген.

Желі қолданушысы аталған блогерді ешқашан қазақша сөйлемейтін танымал тұлғалардың қатарына қосатынын жазған.

Тарихты білмеуге қатысты бейнежазба қайта тарап, жұрт жақында ғана партия тізгінін ұстаған, ал тамыз айында ҚР Құрылтай депутаттығына ұсынылатын Нұрсұлтан Шоқановтың саяси карьерасына қатысты пікір білдірді. Оқырмандар базалық білімді меңгермеген ұл тәрбиелеген әкенің мемлекетті басқару ісіне араласуын сынға алды.

"«Егер бұл оның ұлы болса, әкесінің депутат болуға моральдық құқығы жоқ, ұлына дұрыс тәрбие бере алмаса, қалай заң қабылдап, мемлекетті басқаруға қатыса алады», «Ұлы Қазақ хандығының қашан құрылғанын білмесе, одан қандай Құрылтай депутаты шығады», «Халықтық партиядан шыққан әке Құрылтайға барғысы келеді, бірақ ұлына қарапайым білім бере алмаған»", — деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Еске салайық, 27 маусымда өткен Қазақстан халық партиясының кезектен тыс съезінде делегаттардың қолдауымен Нұрсұлтан Шоқанов Ермұхамет Ертісбаевтың орнына төраға болып сайланды. Ол бұған дейін Алматы қаласы мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты ретінде құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі комиссияны басқарған.

Войдите, чтобы оставить комментарий