Павлодар облысында қайғылы жағдай болды: жолаушылар мінген автобус аударылып кетті
903
Павлодар облысында 56 жолаушы мінген автобус аударылып, бір жолаушы көз жұмды, тағы алты адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 қараша күні «Павлодар–Қызылорда» автожолында, Шідерті кентінен 10 км жерде, рейстік автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті жол жиегіне аударып алған.
«Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...