Павлодар облысында жөнделмеген жолға 45 млн теңге төленген
Павлодар облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге бөлінген 45 млн теңгенің жымқырылғаны анықталды. Прокуратураның мәліметінше, әкімдік жөнделмеген жол үшін мердігер компанияға бюджет қаражатын аударған, деп хабарлайды Politico.kz.
Заңбұзушылықты Успен ауданының прокуратурасы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының заңдылығын тексеру кезінде анықтаған.
Тексеру барысында Успен ауылдық округі әкімінің аппараты «МКК-Элит Строй» ЖШС-не жөнделмеген жол учаскесі үшін 45 млн теңге заңсыз аударғаны белгілі болды.
Осы дерек бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер компанияның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазір істі Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті тергеп жатыр.
Айта кетейік, Қостанай облысында да білім саласына бөлінген бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.11.2026
12:28
Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған бюджет...
18.11.2026
12:13
Ғалымдар семіздіктің ерлер мен әйелдерге неге ә...
18.11.2026
12:08
Қазақстанда біреудің суретін рұқсатсыз жариялағ...
18.11.2026
12:01
Атырау полициясының бұрынғы бастығының ісі сотқ...
18.11.2026
11:53
Алматыда алып тау шаңғысы курорты салынып жатыр...
18.11.2026
11:37
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауға алынды