Павлодарда 10 жастағы баланың басынан бес жыл бұрын кіріп кеткен бұтақтың бір бөлігі алынды
Қазақстанда баланың басында бес жыл бойы қалып қойған бұтақтың бір бөлігі сәтті алынды, деп хабарлайды Politico.kz.
Таңғаларлық жағдай туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасы дәрігерлері хабарлады. 2015 жылы туған бала осыдан бес жыл бұрын бұтаққа құлап, басынан жарақат алған. Сол кезде жара өңделіп, тігілгенімен, бір жыл бойы қабыну тоқтамаған. Кейін тексеру барысында дәрігерлер баланың басында бөгде зат барын анықтап, хирургиялық ота жасау туралы шешім қабылдаған.
Медицина мамандарының айтуынша, соңғы екі-үш айда жарақат орны қайта мазалай бастаған. Қосымша тексеріс кезінде кальцийленген тығыз түзіліс анықталып, компьютерлік томография баланың бас сүйегінде бөгде заттың бар екенін нақты көрсеткен. Нәтижесінде дәрігерлер ота жасап, бұтақтың бас ішінде қалған бөлігін толықтай алып тастады.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты әрі жақсы деп бағалануда. Ол ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр.
Соңғы жаңалықтар