Павлодарда әскери бөлімде атыс болып, бір адам қаза тапты: екіншісі жараланды
Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде атыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Атыс салдарынан бір әскери қызметші қаза тауып, тағы бірі жарақат алды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметшілер арасында болған. Олардың бірі бекітілген қарудан оқ атқан. Осыдан кейін ол оқиға орнында қаза тапқан, ал екінші әскери қызметші жараланған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, соның салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, ал басқа әскери қызметші жарақат алды», — деп хабарлады министрлік.
Ведомство өкілдері аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда сарбаз өзін атып өлтіргенін хабарлаған едік.
Соңғы жаңалықтар