Павлодарда көлік жол жиегінде тұрған адамдарды қағып кетті: қаза болғандар бар
990
Павлодарда көлік қарсы жолаққа шығып, үш адамды қағып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жеңіл автокөлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып, кейін жарық бағанасы мен аялдамаға соғылған.
Жол апаты 29 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында болған. Mitsubishi Carisma автокөлігі апатқа ұшырады.
Полиция мәліметінше, жүргізуші алдын ала дерек бойынша қарсы бағыттағы жолаққа шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Одан кейін көлік жарықтандыру бағанасына және автобус аялдамасына соғылып, аударылып қалған.
Жол апаты салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
09:19
Алматылықтар жер сілкінісін сезді
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...