«Петропавл – бұл Ресейдің жері» деген пікірі үшін әйел адам 5 жылға сотталды

19.02.2026 20:21 Қарақат АСЫЛОВА
«Петропавл – бұл Ресейдің жері» деген пікірі үшін әйел адам 5 жылға сотталды
179
Ашық дереккөздерден
Желіде жазылған сөз қылмыстық іске айналды

Солтүстік Қазақстан облысында 40 жастағы әйел TikTok-та жазған бір ғана пікірі үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz сайты HALYQSTAN-ға сілтемемен.

Әлеуметтік желідегі қызу талқылау күтпеген жерден қылмыстық іске ұласқан. Әйел Петропавл қаласының атауына қатысты видеоның астына:

«Петропавл – бұл Ресей, бірақ Қазақстан емес… қазір тартып алғысы келеді, бірақ ештеңе етпейді, бәрі жақында өз орнына келеді… сосын күлетін біз боламыз»

Бұл жазба көп ұзамай желіде кең тарап, мыңдаған лайк пен пікір жинаған. Кейін бір қолданушы e-Otinish сервисі арқылы полицияға шағым түсірген.Істі ҰҚК-нің экстремизмге қарсы басқармасы қарап, аккаунт иесін анықтаған. Телефон тәркіленіп, пікірді дәл осы әйел жазғаны расталған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамай, сөзін «тарихи әңгіме» ретінде түсіндіруге тырысқан. Алайда психолого-филологиялық сараптама оның сөздерінде Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуды насихаттау белгілері бар деген қорытынды жасаған.

Нәтижесінде сот ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша үкім шығарып, бес жылға орташа қауіпсіздік мекемесіне қамау жазасын тағайындады. Әйел сот залында қамауға алынды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий