Прокурор Бекболат Тілеуханның күйеу баласын 6 жылға соттауды сұрады
31 наурыздағы сот отырысында тараптардың жарыссөзі өтті, деп хабарлайды Politico.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Өскемен қаласында Жақсылық Омарға қатысты сот процесінің екінші отырысы басталды.
Облыс орталығының бұрынғы әкімі, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар алаяқтық және пара алу айыптары бойынша сот алдында жауап беруде.
Прокурор соттан жеңілдететін мән-жайларды ескеруді сұрады: Жақсылық Омар – бұрын сотталмаған, жеті баланың әкесі. Ауырлататын мән-жай ретінде мемлекеттік қызметшінің антын бұзуы көрсетілді.
Қадағалау органынынң өкілі айыпталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады.
Сонымен қатар жәбірленуші соттан Жақсылық Омарды бас бостандығынан айырмауды өтінді.
Сот процесі жалғасып жатыр.
Шенеунікке Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы («Алаяқтық» және «Ірі мөлшерде пара алу») бойынша айып тағылған.
Автокөлікке қатысты іс
Бірінші эпизод Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған кезеңге қатысты. Айыптау нұсқасы бойынша, қала тұрғындарының бірі шенеуніктің өтінішімен жергілікті кәсіпорынға материалдық көмек ретінде автокөлік беру туралы өтініш жасаған. Осыдан кейін ол 2021 жылы шығарылған Toyota Camry 75 автокөлігін алған. Оның айтуынша, көлікті қалалық әкімдік ғимаратына жеткізіп, кілтін тапсырғаннан кейін көлікті қайта көрмеген. Кейін автокөлік үшінші тұлғаға рәсімделіп, trade-in бағдарламасы арқылы айыпталушы пайдаланған жаңа модельге айырбасталған. Тергеу дерегінше, осы әрекеттер нәтижесінде жәбірленушіге 13 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Жақсылық Омарға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша («Ірі көлемдегі алаяқтық») айып тағылған. Сот отырысы барысында жәбірленуші келтірілген шығынның өтелгенін және ешқандай талабы жоқ екенін мәлімдеді.
Екінші эпизод
Екінші эпизод ақпан айының басында болған. Іс материалдарына сәйкес, Жақсылық Омар қалалық әкімдік қызметкерлерінің бірімен кездесу кезінде одан 20 миллион теңге әкелуді сұраған. Айыпталушының өзі бұл талап емес, өтініш болғанын айтады. Алайда айыптау тарапы бұл жағдайды жалпы қамқорлық үшін пара алу ретінде бағалады.
Ақша беру
Әкімдік қызметкері өтініштің заңсыз болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінген. Арнайы қызметтердің бақылауымен ол Жақсылық Омармен қайта кездесіп, ақшаны бөліп-бөліп беруді ұсынған. Айыпталушы бұған келіскен. Сол күні үшінші тұлға арқылы күдіктіге 6 миллион теңге қолма-қол берілген. Ұстау кезінде шенеуніктің тұрғылықты жерінен және жұмыс орнынан 5,6 миллион теңге табылған.
Өз кінәсін мойындау
Сот отырысы кезінде Жақсылық Омар өз кінәсін толық мойындады. Айыпталушының қорғаушылары бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Адвокаттардың айтуынша, туыстары ықтимал айыппұлды төлеу үшін қаражат жинап қойған. Мұны растау үшін сотқа 112 миллион теңге көлеміндегі шот үзіндісі ұсынылды. Іс бойынша келесі сот отырысы 26 наурызға белгіленді.
Осы жылдың ақпан айында әлеуметтік желілерде Жақсылық Омардың тұтқындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл жаңалықты растамай, шенеуніктің денсаулығына байланысты уақытша демалысқа шыққанын алға тартқан. Дегенмен арада бір апта өтпей Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның ұсталғаны туралы ресми мәлімет таратты.
Саяси қайраткер Бекболат Тілеуханның жиен күйеу баласы болып келетін Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданындағы Үшарал ауылында туған. Ол 2018-2024 жылдары Өскемен қаласын басқарып, кейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Ал 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.
Соңғы жаңалықтар