Путин бітім жариялады: Зеленский оған келісті

10.04.2026 09:34 Әсел Мұрат
 Путин бітім жариялады: Зеленский оған келісті
528
Фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин православиялық Пасха мерекесіне байланысты соғысты уақытша тоқтатып, бітім жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Кремльдің хабарлауынша, Путиннің шешіміне сәйкес, бітім 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 12 сәуір аяғына дейін жалғасады.

«Ресей Қорғаныс министрі және Қарулы күштері Бас штабының бастығы осы кезеңде барлық бағыттар бойынша әскери әрекеттерді тоқтатсын», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әскерге қарсы тараптың ықтимал арандатушылық әрекеті мен кез келген агрессиясының жолын кесуге дайын болу тапсырылды.

«Украина тарапы Ресейдің бұл әрекетіне сай әрекет жасайды деп санаймыз» – делінген құжатта.

Кейіннен Владимир Зеленский де жарияланған бітімге қатысты жауап берді. 

«Украина Ресейдің барлық әрекетін айна қатесіз қайталауға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеді. Биыл біз Пасха мерекесі кезінде атысты тоқтатуды ұсындық және соған сәйкес әрекет етеміз. Пасха қауіп-қатерсіз және бейбітшілікте өту керек. Пасхадан кейін де Ресейдің шабуылды бастамауға мүмкіндігі бар», – деп мәлімдеді Зеленский. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий