«Пышақ ала жүгірген»: Алматыда автобуста төбелелес болды
450
Алматының Түрксіб ауданында қоғамдық көлікте ер адамдардың арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға кезінде жолаушылардың бірі пышақ шығарған. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан жанжалдың автобус салонында, жолаушылардың көз алдында болғанын көруге болады. Автобуста кішкентай балалар да болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім ауыр зардап шекпеген.
Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, болған жағдайға байланысты Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Полиция барлық жанжалға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады. Кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
15:24
Президент қолынан марапат алған педагогтардың т...
05.10.2026
15:12
Президент: Еңбексіз ешқандай табыс та, жетістік...
05.10.2026
15:00
Тоқаев жастарды ақпарат тасқынынан қорғайтын жа...
05.10.2026
14:51
Тоқаев мұғалімдікке бет бұрған жастардың көбейг...
05.10.2026
14:44
Соңғы 7 жылда Қазақстанда 1342 мектеп салынды
05.10.2026
14:38
Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді мерекесімен құ...