Қабатовтың екінші әйелі туралы тағы бір шындықтың беті ашылды
4670
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында бірінші жары Мөлдір Мұқанова туралы айтып, оны қалың малсыз алғанын мойындаған, деп хабарлайды Politico.kz caravan.kz сайтына сілтеп.
«Қазақ “теңін тапса, тегін бер” дейді ғой. Мен Мөлдірді қалың малсыз алдым. Қазір бес баламыз бар. Бақытты өмір сүріп жатырмыз», — деген еді ол.
Алайда желі қолданушылары бұл сөзге түрлі пікір білдіріп, сынға алған. Көпшілік арасында:
— «Сен бақытты болған шығарсың, ал Мөлдір ше? 14 жыл бойы сыртынан жүрген болсаң, оның атынан сөйлеме»,
— «Отбасы құндылығын насихаттайтын үлгілі жан болмадың ба?»,
— «14 жыл шыдаған Мөлдірді айту керек еді»,
— «Бес балаң барда тоқалыңа қалың малды еселеп бергенің қалай?»
сияқты пікірлер жазылған.
Сонымен қатар кейбірі қазақ дәстүріне қатысты ойын айтып, «Қалың мал бермеу — әйелді қадірлемеу емес. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген пікірлер де қалдырған.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...