Қамауда отырған Санжар Боқаев босатылмайтын болды
809
Алматы қалалық соты қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасына жасалған шағымды қарап, оны қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов айтты.
Бұған дейін Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылған еді. Қорғаушы тараптың апелляциялық шағымын қалалық сот қанағаттандырмады.
«2026 жылдың 21 мамырында Алматы қалалық соты біздің апелляциялық шағымымызды қанағаттандырусыз қалдырды. Сот тергеу сотының қорғауымыздағы Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды», – деді Радмир Утепов.
Еске салсақ, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында Алматыда ұсталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Соңғы жаңалықтар
20.08.2026
15:06
"Қызымды танымай қалдым": Ұлдана Мырзуанның ана...
20.08.2026
14:28
Азияның ең бай адамы өмір бойына сотталды
20.08.2026
14:17
"Жан тыныштығын тапқан": Тұрсынбек Қабатовтың е...
20.08.2026
13:59
Петропавлда 1,9 млрд теңге заңсыз табыс тапқан ...
20.08.2026
13:27
Фельдшердің өлімінен кейін 20 млн теңге кімге б...
20.08.2026
12:59
Атыраулық мұғалім жаңа оқу жылы алдында кабинет...