«Қанша қатын алсам да өзім білемін»: Рүстем Жүгінісов ашуға булықты

16.02.2026 11:59 Әсел Мұрат
«Қанша қатын алсам да өзім білемін»: Рүстем Жүгінісов ашуға булықты
205
Фото: ашық дереккөз. Суретет: Рүстем Жүгінісов

Желіде танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің жеке өміріне байланысты түрлі әңгімелер тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Threads платформасында Альбина есімді қолданушы «Рүстем Жүгінісовтің екінші тоқалының жазбалары» деген атаумен пост жариялап, Instagram желісіндегі парақшадан алынған скриншоттарды бөліскен. 

«Бірінші әйеліне обал болды. Бастапқыда қандай махаббатпен үйленіп еді, тоқал алады деп күтпеді ғой. Енді төртінші әйелін іздеп жүрген шығар», – деп жазды жазба авторы.

Скриншоттарда көрсетілген парақша иесі өзін әншінің екінші жары ретінде таныстырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берген. Ол 23 жаста екенін және қазіргі таңда “күйеуімен” бірге тұрып жатқанын айтқан. Сонымен қатар, тағы бір жауабында күйеуінің үш әйелі бар екенін жеткізген.

Осы жазбалардан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Рүстем Жүгінісовті сынға алды.

Осы тұста әнші Рүстемнің өзі де жеке өміріне қатысты қауесеттергее қатысты пікір білдірді.

«Әйелдерімді санамай, аңдымай, сөз қылмай жүріңіздерші. Өзім білемін қанша қатын алсам да», - деді ол. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий