«Қатемді қайталамаңыздар»: Рэпер Qarakesek қоқыс жинап, аялдама тазалап жүр

02.04.2026 22:43 Қарақат АСЫЛОВА
«Қатемді қайталамаңыздар»: Рэпер Qarakesek қоқыс жинап, аялдама тазалап жүр
77
Рэпер Омар Амантаев психотроптық затпен ұсталып, қоғамдық жұмысқа тартылды

Рэпер Qarakesek лақап атымен танылған Омар Амантаев психотроптық зат қолданғаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтемемен.

Қазір ол басқа көше тазалаушылармен бірге көшеде қоқыс жинап, аялдама жуып жүр.

Өнер иесі қысқа сұқбатында мұндай жұмысты алғаш рет жасап жатқанын айтып, сахнадағы бейнесі мен өміріндегі болмысының арасында айырмашылық жоқ екенін жеткізді. Рэпердің сөзіне қарағанда, әндерінің көпшілігі өмірден алынған, ал соңғы “Сахара” туындысы тікелей өз тәжірибесіне негізделген. 

Омар Амантаев әлеуметтік желіде парақшасы жоқ екенін айтып, әртіс болу ешқашан басты мақсаты болмағанын мойындады. Рэпер қазір өлең жазуға дайын емес екенін айтып, тыңдармандарына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты:

“Менің қателігімді қайталамаңыздар.”

Ал мердігер компания “Damu life” өкілі хабарлағандай, рэпер өзіне белгіленген барлық аумақтарда жұмыс істеп жатыр. Омар Амантаев 26 наурыздан бері жұмысқа шығып келеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий