Қазақ телевизиясы қара жамылды: белгілі тележурналист дүниеден өтті
Белгілі тележурналист, Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұмның жаназа намазы 29 тамызда сағат 10.00-де өз шаңырағында оқылады. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 289-үй, 80-пәтер.
Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.
1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Сол жылы оның алғашқы хабары эфирге шықты.
«Хабар» агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істеді. 1998 жылдан телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды.
Қырық жылдан астам уақытын журналистикаға арнап, елді мекендерді аралап, қарапайым халықтың тұрмысы мен өңірлердегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді республикалық эфирде көтерді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.11.2026
17:39
Маңғыстауда екі адамды толқын ашық теңізге алып...
28.11.2026
16:44
Алматыда бес адам қаза тапқан үйді өртеді деген...
28.11.2026
16:18
«Таныстарым бар» деп 7 млн теңге сұраған заңгер...
28.11.2026
15:33
Telegram iPhone иелеріне шұғыл ескерту таратты
28.11.2026
15:06
«Әлі күнге дейін жақсы көремін»: Танымал актерд...
28.11.2026
12:22
«Университет беделі адам өмірінен маңызды емес...