Қазақстан ардагерлеріне 5 млн теңге төлейтіні рас па?
2026 жылы Қазақстанда Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін біржолғы әлеуметтік төлем көлемі бірқатар ТМД елдерімен салыстырғанда жоғары болмақ, деп хабарлайды Politico.kz.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, елімізде ардагерлерге шамамен 5 миллион теңгеге дейін (шамамен 11 мың доллар) қаржылай көмек қарастырылған. Бұл көрсеткіш көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Мәселен, Украинада төлем мөлшері ардагердің санатына қарай өзгеріп, шамамен 11 мыңнан 60,5 мың теңгеге дейін жетеді. Ал Беларусьта біржолғы көмек көлемі 715 мыңнан 825 мың теңгеге дейінгі аралықта.
Салыстырмалы түрде жоғары төлемдер Өзбекстанда да тіркелген бұл елде ардагерлерге шамамен 4,4–4,5 миллион теңге көлемінде көмек беріледі.
Ал Ресейде базалық федералдық төлем шамамен 55 мың теңгені құрайды. Дегенмен, аймақтық үстемақыларды есептегенде бұл сома 440 мың теңгеге дейін немесе одан да жоғары болуы мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, әр елдегі төлем көлемі экономикалық жағдайға, әлеуметтік саясатқа және тірі қалған ардагерлер санына байланысты әртүрлі болады. Сонымен қатар, бір елдің ішінде де төлемдер аймаққа және ардагердің мәртебесіне қарай өзгеруі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар