Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді өткізуге дайын – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөзде өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев The New York Times басылымына берген сұхбатында Украинадағы соғысты тоқтату «мүмкін» деп санайтынын және Қазақстан Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер алаңына айналуға дайын екенін мәлімдеді.
Тоқаевтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин өз еліндегі «қоғамдық пікірді» ескеруге мәжбүр болғандықтан, қосымша ымыраларға баруы екіталай.
Ол тамыз айында Мәскеу майдан шебін бекітіп, оның есесіне Донбастың қалған бөлігіне бақылау орнатуды ұсынғанын еске салып, мұны «ең жоғары деңгейдегі икемділіктің көрінісі» деп атады.
«Менің ойымша, Путин едәуір алға қарай үлкен қадам жасады», – деді Тоқаев.
Соңғы жаңалықтар