ШҚО-да «Қазсервис» қызметкері қызмет барысында қаза тапты

22.02.2026 10:31 Қарақат АСЫЛОВА
ШҚО-да «Қазсервис» қызметкері қызмет барысында қаза тапты
150
Ашық дереккөздерден
Өскемен – Алтай тасжолында қайғылы жағдай

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Северное ауылында қайғылы оқиға орын алды. ШҚО филиалы «Қазсервис» ЖШС-нің жүргізушісі өндірістік жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай тасжолды қардан тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін арнайы жол техникасына техникалық қызмет көрсету барысында болған. Оқиға салдарынан қызметкер ауыр жарақат алған. Дереу жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Компанияның хабарлауынша, жол пайдалану учаскесі №30 республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Рахман қайнары автожолының күрделі бөліктерінің біріне қызмет көрсетеді. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған бағытта қозғалыс шектелген болатын. Жағдай тұрақтанғаннан кейін жол қайта ашылған.

Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс басталып, арнайы комиссия құрылған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға, соның ішінде еңбек инспекциясына жолданған.

Компания марқұмның отбасына қолданыстағы заңнамаға және ішкі регламенттерге сәйкес материалдық әрі ұйымдастырушылық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий