Жамбыл облысында жоғалған 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды

21.02.2026 17:45 Қарақат АСЫЛОВА
Жамбыл облысында жоғалған 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды
155
Ашық дереккөздерден
Боранда жоғалған Нұржанның денесі 10 шақырым жерден табылды

Жамбыл облысында бір апта бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 43 жастағы Нұржан Өмірбековтің мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хабар түскен сәттен бастап іздестіру-құтқару жұмыстары күн сайын жүргізілген. Іздеу шараларына 100-ден астам полиция қызметкері, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды.

Ведомство өкілінің айтуынша, аумақты кезең-кезеңімен тексеру барысында жергілікті тұрғындар жоғалған азаматтың мәйітін тапқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм достарымен бірге мал қарауға фазендаға барған. Жолда көліктері бұзылып, үшеуі әр бағытқа кеткен. Достарының сөзінше, сол сәтте қар жауып, боран күшейген. Олар Нұржанды көліктің жанында қалдырып, өздері көмек іздеуге шыққан.

Болжамға сәйкес, Нұржан Өмірбеков кейін жақын ауылға қарай бет алған болуы мүмкін. Алайда ауа райының күрт нашарлауына байланысты бағытынан жаңылған деген жорамал бар. Оның денесі бұзылған көліктен шамамен 10 шақырым қашықтықта табылған.

Алдын ала тексеру барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар нәтижесіне байланысты процессуалдық шешім қабылданады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий