Қазақстандық колледждерде АЭС мамандарын дайындау басталды
![Қазақстандық колледждерде АЭС мамандарын дайындау басталды](/img/articles/17b162194488fc7dc2ae77ced20faf6a.webp)
Қазақстан колледждерінде атом электр станциясына(АЭС) арналған жаңа мамандықтар ашылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстанда АЭС құрылысын жүзеге асыру аясында атом саласы үшін мамандар даярлау бағдарламасы іске қосылады.
"Қазіргі уақытта елімізде энергетика саласына мамандар дайындайтын 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж бар. Онда жеті мамандық бойынша 19 мың студент оқиды. Алайда жаңа электр энергиясы нысандарын салу қажеттілігіне байланысты 2030 жылға дейін энергетика саласында 20 мыңнан астам маманға сұраныс болады деп болжануда," – деді Сәтқалиев.
Оның мәліметінше, АЭС үшін келесі мамандықтар ашылады: дозиметрист, бу-турбина жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь, атом станцияларының механикалық жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету маманы, атом станцияларындағы ақпараттық технологиялар маманы және басқа да бағыттар.
Студенттерге тәжірибелік білім беру үшін Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты базасы пайдаланылмақ.
Сәтқалиев 2030 жылға дейін АЭС құрылысы жобасы аясында шамамен 5 мың адам жұмыспен қамтылатынын, ал 2032 жылы құрылыс шыңында бұл көрсеткіш 10 мыңға жететінін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
![](../img/articles/6b5a9d8691eff368f49ab53a7fcfde3e.webp)
![](../img/articles/ae832669d832a6ec60e81c1bc8c0e4b0.webp)
![](../img/articles/0c71c66a5af9da12d3bc75ccaf299b6d.jpg)
![](../img/articles/bb11f285da108180b9b8075023c864e9.webp)
![](../img/articles/c6699d9302989d3f4deea1ccd3a842d3.jpg)
![](../img/articles/8b58511427efee535c9e673b84e49e0a.jpeg)