Қазақстандық спортшы Азия ойындарында аяқ киімнің кесірінен алтыннан айырылып қалды

28.09.2026 • 11:07 Әсел МҰРАТ
Қазақстандық спортшы Азия ойындарында аяқ киімнің кесірінен алтыннан айырылып қалды
289
Фото:Olympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарында жеңіп алған алтын медалі қайтарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы спортшы өзі әлеуметтік парақшасында жазды.

Ол бұған дейін 42,195 шақырымдық қашықтықта спорттық жүріс марафонында жеңіске жеткен болатын. Кейін нәтижеге қатысты дау туындады.Спортшының аяқ киімге қатысты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетілгені айтылды.

Кейін Ясмина Тоқсанбаева нәтижесінің жойылғанын өзі хабарлады.

«Нәтиже жойылды. Біз соңына дейін күрестік. Осындай қысқа сәтте эмоциям үшін кешірім сұраймын. Мен алтын медаль сыйлағым келді. Бірақ Алланың ісіне шара жоқ. Тіпті, бұл жағдай да арманыма ұмтылған мені тоқтата алмайды. Соңына дейін мен үшін күрескен қаһармандарыма алғыс айтамын»,– деді спортшы.

Осылайша қазақстандық спортшының марафондық спорттық жүрістегі жеңісі ресми нәтиже ретінде есептелмейтін болды.

Әзірге ұйымдастырушылар тарапынан нәтиженің күшін жоюға қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий