Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды
3029
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Politico.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңді.
Әлем рейтингінде 5-орында тұрған отандасымыз әлем біріншілігін екінші айналымнан бастады. Жалпы жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ. Алғашқы қарсыласы Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), одан кейін ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түскен болатын.
Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 17 жастағы Санжар бұған дейін 2024 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын және Азия кубогын ұтқан, сондай-ақ Еуропа кубогында күміс жүлдегер атанып үлгерген.
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Перудің Лима қаласында өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысып жатыр.
Фото: Халықаралық дзюдо федерациясы
Соңғы жаңалықтар
14.08.2026
11:23
Ақтөбеде 500 мың теңге пара алған салықшы 15 мл...
14.08.2026
11:09
«Қаза тапқан ұшқыштар кінәлі ме»: Батыс Қазақст...
14.08.2026
10:23
Блогер Диана Скатова үйлену тойын ақылы тікелей...
14.08.2026
09:40
Оралда септикке құлап кеткен 8 жасар қыз көз жұмды
14.08.2026
09:38
Толқын Забирова қаралы хабар айтты
13.08.2026
23:28
Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі...