Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді
2026 жылғы 3 сәуір кешінде Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде сезілді, деп хабарлайды Politico.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 21:13-те тіркелген. Жерасты дүмпулерін ТЖМ-ға қарасты Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының станциялары анықтаған.
Алдын ала деректер бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде орналасқан.
Сезілу күші Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде шамамен 2 баллды құрады. Атап айтқанда, Шымкент, Тараз, Түркістан, Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Манкент, Ақсукент, Арыс, Темірлан, Сарыкемер, Меркі, Қаратау, Жаңатас, Кентау, Қордай, Шолаққорған және басқа да елді мекендерде әлсіз дүмпулер байқалған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Соңғы жаңалықтар