«Қазақтың емес, қытайдың кәсібін дөңгелетіп отырмыз, шашылмайық»: Блогер тойбастарға тыйым салуды ұсынды

23.12.2025 11:16 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Қазақтың емес, қытайдың кәсібін дөңгелетіп отырмыз, шашылмайық»: Блогер тойбастарға тыйым салуды ұсынды
0
229
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мөлдір Анарбаева

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева тойда қонақтарға берілетін тойбастарлардың артық шығын екенін айтып,  желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Айтуынша, босқа шығындалуды қою керек. 

«Босқа шығындалғанды қоя салайық. Өзіңізге де алған бізге де дүниенің обал болмасыншы, өтініш! Астарында қазақтың емес қытайдың кәсібін дөңгелетіп отырмыз. Босқа шашылмайық, бермеген адамды сөз қылмайық. 200 адамға 2 000 мыңның тойбастарын алса 400 мың босқа далаға шашып жібереді. Бұл бер жағы. Адам таға алмайтын ақ орамалдарға тегі обал! Тойда жерде жатады, сандықтың іші толды. Не бере алмайсың, не таға алмайсың. Осыны доғарайық та қатындар ау. Оданда тегі сыйлық жасағың келіп бара жатса суретке түскен елдің суретін тегін қыл. Есесіне фотограф үйіне ақша апарады сен үйіңе сурет апарып естелікке тығып қоясың. Тойды ешкім бастамаса, жаппай таратып шығынданбашы жәнім», — деп жазды ол.

Мөлдір Анарбаеваның бұл сөзін оқырмандары да қолдап, бұл ұсынысқа келісетіндерін жарыса жазды.


 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий