Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты ресми мәлімдеме жасады
993
Қорғаныс министрлігі Арыста болған жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында қураған шөп тұтанған.
Өрт салдарынан бұған дейін кәдеге жаратуға дайындалған оқ-дәрі фрагментінің қалдығы тарсылдап жарылған.
Қорғаныс министрлігі оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ екенін хабарлады.
Қазіргі таңда жағдай бақылауда. Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Министрлік азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге және жағдайға қатысты мәліметті тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...