Қытай АҚШ-тан әкелінетін кейбір тауарларға 125% импорттық салықты тоқтатуы мүмкін

Қытай билігі АҚШ-тан әкелінетін бірқатар тауарларға, соның ішінде медициналық құрал-жабдық пен этанға салынған 125 пайыздық қосымша импорттық баж салығын уақытша тоқтатуды қарастыруда, деп хабарлайды POLITICO.KZ РИА Новостиге сільеме жасап.
Агенттіктің дереккөзіне сүйенсек, Қытай үкіметі сауда соғысының салдарына байланысты экономикалық шығындар өсіп жатқан салаларды қолдау үшін осындай шешім қабылдауы мүмкін. Әсіресе, медициналық жабдықтар, кейбір өндірістік химикаттар (соның ішінде этан) және ұшақтарды жалға алу салалары жеңілдік тізіміне енгізілуі ықтимал.
Алайда баж салығынан босатылатын тауарлардың нақты тізімі әлі талқылану үстінде және ол алдағы уақытта өзгеруі мүмкін.
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 2 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің сауда балансын теңестіру мақсатында басқа елдерден келетін импортқа "өзара" баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойған еді. Нәтижесінде, 9 сәуірден бастап 57 елге жоғары тарифтер күшіне енді. Алайда, көп ұзамай АҚШ 75-тен астам елдің жауапты шара қабылдамағанын алға тартып, олармен 90 күнге келіссөз жүргізу үшін базалық 10%-дық салықты қалдырды, бұл жеңілдік тек Қытайға қолданылмады.
Осылайша, екі ел арасындағы сауда соғысы барысында АҚШ Қытай тауарларына 125% көлемінде қосымша салық енгізсе, Қытай да америкалық өнімдерге дәл сондай мөлшерде қарсы баж салығын енгізді. Бұдан бөлек, АҚШ Қытайға қарсы тағы бір 20%-дық салықты синтетикалық есірткілермен күрестегі жеткіліксіз шараларға байланысты енгізген болатын.
Соңғы жаңалықтар





