Ресей мен Украина уақытша бітімге келді
Запорожье атом электр станциясындағы ядролық апат қаупінің алдын алу үшін Ресей мен Украина аумақтық бітімге келді, деп хабарлайды DW.com басылымы.
Аталған келісімге Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) тікелей араласуымен қол жеткізілді. Жақын күндері екі тараптың мамандары аумақты минадан тазарту жұмыстарынан кейін зақымдалған 750 киловольттық «Днепр» электр желісін қалпына келтіруге кіріседі.
Екі айдан астам уақыт бұрын ажыратылған бұл желінің жоқтығынан Еуропадағы ең ірі станция тек 330 киловольттық жалғыз желіге тәуелді болып қалған еді. Тіпті кейінгі апталарда оған да қол жеткізе алмай, мамандар амалсыздан апаттық дизель-генераторларды іске қосуға мәжбүр болған.
Бұл 2025 жылдың соңынан бері ЗАЭС маңында оқ атуды тоқтату туралы жасалған алтыншы келісім болып отыр. Бірнеше аптаға созылған өте күрделі келіссөздер барысында қос тарап МАГАТЭ өкілдерімен сындарлы түрде байланыс орнатқан.
«Тыныштық режимі 5 маусым күні таңғы сағат алтыда басталды және 23 маусымға дейін жалғасады деп күтілуде», — деді «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачев.
Оның сөзіне қарағанда, бұл процесті талқылау наурыз айының соңында басталған.
Еске сала кетейік, Энергодар қаласында орналасқан станция 2022 жылдың ақпанында басталған қақтығыстан кейін Ресейдің бақылауына өткен болатын. Сол жылдың қыркүйегінде барлық алты реактор тоқтатылғанымен, олар әлі де тұрақты суытуды қажет етеді.
Биыл 3 маусымда Днепрдің арғы жағалауындағы Никополь қосалқы станциясына жасалған дрон шабуылынан ЗАЭС жиырма минутқа жарықсыз қалып, 2022 жылдан бері сыртқы қуат көзінен он жетінші рет ажыратылды.
Айта кетейік, Зеленский Путинге ашық хат жазған болатын.
Соңғы жаңалықтар