Сарбаздың жақ сүйегі сынған: Әскери бөлім басшылығы қызметтен кетті

18.02.2026 23:29 Қарақат АСЫЛОВА
Сарбаздың жақ сүйегі сынған: Әскери бөлім басшылығы қызметтен кетті
138
Фото: Lada.kz
Командирлердің тағдыры бір күнде шешілді

Гвардейск гарнизонында сарбазды соққыға жыққан оқиғадан кейін әскери бөлім командирі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қорғаныс министрлігі Гвардейск гарнизонында мерзімді әскери қызметшіге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Оқиғадан кейін бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды. Атап айтқанда, әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі өз қызметтерінен шеттетілді.

Сондай-ақ, әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына толық қызметтік сәйкессіздік туралы ескерту жасалды. Бірқатар офицерлер мен сержанттарға қатаң тәртіптік жаза қолданылды.

Еске сала кетейік, 16 ақпанда әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Отар елді мекенінде орналасқан гарнизонда мерзімді әскери қызметші ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат тараған еді. Мәліметтерге сәйкес, сарбаздың жақ сүйегі мен мұрны сынған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий