Шахтинскіде мотоциклге жанармай құймақ болған жасөспірім тірідей жанып кетті
1734
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында гараж ішінде шыққан өрттен жасөспірім қаза тауып, тағы екі бала ауыр күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға 19 мамыр күні Жастар көшесіндегі гараждардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер мотоциклге жанармай құймақ болған сәтте өрт тұтанған.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, гараж ішіндегі шатырдың ағаш қаптамасы, ескі заттар мен екі мотоциклдің жанатын бөлшектері өртенген. Жалын шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құраған.
Өртті сөндіру барысында 2008 жылы туған жасөспірімнің мәйіті табылды. Сонымен қатар 2008 және 2009 жылы туған тағы екі бала түрлі дене күйіктерімен ауруханаға жеткізілген.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
20.08.2026
21:19
Жетім қызды зорлау оқиғасы: Дина Төлепберген кү...
20.08.2026
20:00
Курьер зорламақ болған қыз: «Саған енді ешкім ү...
20.08.2026
18:23
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішіндегі техникаларды ме...
20.08.2026
17:42
Маркиза: Басында Еркебұлан Тоқтардың кім екенін...
20.08.2026
16:51
Танымал актриса Айым Сейітметова ажырасып кетке...
20.08.2026
16:49
«Күйеу баласы енесіне шай ішуге келген»: Алматы...