«Сүйінші!»: Руслан Өтепбай Арман Дүйсеновтің отбасысы жайлы қуанышты жаңалығымен бөлісті
1263
Арман Дүйсеновтің жұбайы сотта жеңіске жетті
Танымал журналист Руслан Өтепбай күтпеген жаңалықпен бөлісті. Бұл жолы сөз марқұм композитор Арман Дүйсеновтің отбасына қатысты, деп хабарлайды Politico.kz.
Желіде ұзақ уақыт талқыланған даулы баспана мәселесіне нүкте қойылды. Композитордың жары Айсұлу ханым сот арқылы өз үйін қайтарып алды.
«Ардақты ағайын, сүйінші хабар! Арман Дүйсеновтің келіншегі Айсұлу ханым соттың шешімімен үйін қайтарып алды. Қолдау білдірген барша қазақ еліне Айсұлу ханым ризашылығын жеткізуде», – деп жазды журналист.
Айта кетейік, бұған дейін марқұм композитордың отбасының баспана мәселесі қоғамда қызу талқыланып, көпшілік тарапынан қолдау көрсетілген болатын. Енді сот шешімімен әділдік орнап, отбасы өз үйіне қайта ие болды.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
09:21
Талдықорғанда әйелін бірнеше сағат ұрып, көршіл...
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...